«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ электр желілерінің 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымының өтуіне дайындық аяқталуда.  

04 сентября 2020

220/110 кВ әуе желілері бойынша барлық жұмыс түрлері 100% аяқталды. Шағын станция ғимараттарының құрылыс бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  

«Астана-АЭК» АҚ-ның жылыту маусымына жалпы дайындығы 81% құрайды. Жөндеу бағдарламасы 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымының басында толығымен аяқталады.   

 

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

«Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты жұмыстардың орындалуын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілермен, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компанияларымен және өндірістік мақсаттағы объектілермен алдын ала келіседі.

Желідегі жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат компанияның www.astrec.kz ресми сайтында, facebook әлеуметтік желісінде орналастырылып, сондай-ақ iKomek (109) бірыңғай анықтамалық қызметіне жіберілетіндігін еске саламыз.  

Осындай қиын кезеңде электр энергиясын ағытуға байланысты кейбір қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, өйткені жөндеудің барлық түрлерін тек жылытуаралық  кезеңде  жүргізуге болады.  

Біздің жазғы жөндеу кампаниясының мақсаты - желілердегі штаттан тыс жағдайлардың алдын алу,   күзгі-қысқы кезеңде және электр желілері максималды жүктемені бастан кешіретін басқа да қолайсыз ауа райы жағдайында электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.