Жүргізілген күрделі жұмыс туралы шебер Қосымбай Асхат айтып берді: «көріп тұрғаныңыздай, орын аз, кран трансформаторды ТШС-ға кіргізу үшін жақындай алмайды. Қолмен жұмыс істеу керек.Олай болмағанда қазірдің өзінде ошиновкамен айналысатын еді». Асхат Қосымбай компанияда жұмыс істеген 10 жылдың 4 жылын ЕАЭЖ №1 учаскесінің шебері лауазымында еңбек етеді. «Ағама қарап, бой түзедім. Сол сияқты энергетикаға келдім. Зейнетке жеткенше кәсібімді ауыстыратын ойым жоқ» дейді өзі туралы. Үйлесімді әрекет етіп, бұйрықты бұлжытпай орындайтын өзінің бригадасы туралы Асхат олар нағыз ерлер, «біз бір отбасындай жұмыс істейміз» деп жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ мүмкіндікті пайдалана отырып, әріптестерін компанияның 40 жылдық мерейтойымен құттықтайды және баршаға амандық, еңбектеріне жеміс тілейді.
Шебер Кенжеболатов Сайранбектің Асхат әріптесіне қарағанда кәсіби тәжірибесі мол. Ол да бүгін қиын жұмыс атқарғандарын айтты: «ауыр трансформаторды өз күштерімен шығарып, жаңасын кіргізген». Сайранбектің энергетикадағы еңбек өтілі 31 жыл, оның 10 жылдан астам уақытын біздің компанияда еңбек етуде. Петропавлдан балаларының артынан келген: «Қазір бәрі қалыпқа келді, балалар орналасты, төрт немересі бар». Сайранбектің отбасында энергетиктер болмаған, ол мамандықты туған өлкесінде электр желілер құрылысынан үлкен әсер алып таңдаған. Жас әріптестері үшін тәлімгер болып табылады, қазір сіздердің тәжірибелеріңіз жеткіліксіз, бірақ уақыт өте келе бәрі болады деп оларға оптимистік түрде айтады! Ал кәсіпорынның мерейтойында одан әрі өркендеп, авариялық жағдайлардың аз болуын және жалақының өсуін тілейді!
Есіл АЭЖ бастығы Евгений Бержицкий өз шеберлерін мақтан етеді: олар электрмонтер болып келіп, өздерінің қабілеттерін көрсетті және қазір елорданың сол жақ жағалауының электр желілеріне лайықты үлес қосуда: «шеберлер жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайды, жай тұрмайды, сүймен, құбырлармен толық көлемде процеске қатысады. Бір жылдың ішінде ЕАЭЖ-де 13 трансформатор ауыстырылды, және бұл ең үлкені болды, сондықтан екі бригаданы тартуға тура келді: бір-бірін ауыстыру үшін көп адам қажет, зорығуға болмайды, адамдарды қорғау керек!»
«Бұл ауқымды жұмыс екі айға жуық уақыт жоспарланды және бірлесіп осы жұмыс көлемін орындадық. Барлық қызметкерлерге ерен еңбегі мен шыдамдылығы үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Ал біздің сүйікті «Астана-АЭК» әріптестерімді 40 жылдығымен құттықтаймын, мықты денсаулық, мол бақыт және авариясыз жұмыс тілеймін!»,- деп ірі габаритті және ауыр трансформаторды ауыстыру туралы өз әсерімен бөлісті Есіл АЭЖ бастығының орынбасары Еділ Құсайынов.