Кіріспе сөзде кездесудің өзектілігін айта келе, Сенат төрайымы қатысушыларға бірнеше ауқымды электр энергиясын ағытулар, атап айтқанда өткен жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында болған ағыту туралы еске салды.
«Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасы Серік Балқышев өз баяндамасында хабарлағандай, тұтынушыларды электрмен жабдықтауда ұзақ үзілістерге әкелген электр желілердегі зақымданулар мониторингі нәтижесі, негізгі себебі - иесіз желілер мен трансформаторлық шағын станциялар болып табылатынын куәландырады. Өз сөзінде ол сондай-ақ мақсаты тұтынушылардың электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, электрмен жабдықтауда үзілісті болдырмау, тарату желілеріндегі ақауларды оқшаулау және жедел жою болып табылатын, әзірленген Жол картасы аясында ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды іске асыру туралы хабарлады.
Сенат депутаттары талқылауға белсенді қатысты. Кездесуді қорытындылай келе, Сенат төрайымы барлық айтылған ұсыныстар ұсынымдарға кіріп және олар бойынша үнемі жұмыс жүргізілу керектігін атап өтті.
Дереккөз: http://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/1597