Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты «Астана-АЭК» АҚ энергетикалық кәсіпорны 2020 жылдың 23 қаңтарынан бастап жұмыстың күшейтілген режиміне көшірілді.
Зақымдануларды жоюдағы қиындықтар ТШС және ӘЖ-ге жолдар мен кіретін жерлерді көптеп қару басуға байланысты. Қолдағы барлық техника тәулік бойы энергетикалық жүйе объектілеріне кірме жолдарды қардан тазартуды жүргізуде.
Жоғары вольтті электрмен жабдықтау желілері бойынша шектеулер жоқ. Үлестіру желілері бойынша бригадалар тәулік бойы жұмыс істеуде: энергетиктер трансформаторлы шағын станция жабдықтары элементтерінің зақымдануларын жоюда, электр жеткізу желілерін жөндеуде.
Мысалы, соңғы тәулік ішінде шамамен 15-авариялық ағыту орын алды. Зақымданулар 30 минуттан бастап бірнеше сағатқа дейін уақыт ішінде жойылды. Орташа уақыт – 2,5 сағат. Өткен жылдармен салыстырғанда зақымдануларды жою уақыты, авариялық ағытулар саны сияқты азайғанын атап өту қажет.
Астана тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыздығына байланысты энергетиктердің ауыр еңбегіне түсіністікпен қарауын сұраймыз.