Депутаттар қалашығының тұтынушыларын электрмен жабдықтауды шектеу «Казэнергоинвест» ЖШС-нің теңгеріміндегі 10 кВ әуе желісі сымының үзілу салдарынан 04 сағат 31 минутта орын алды. «Астана-АЭК» АҚ-ның жедел-көшпелі бригадасы желіні тексеру кезінде сымның үзілген жерінде белгісіз тұлғалардың өзі аударғышпен қарды түсіру ізін анықтады. «Астана-АЭК» АҚ-ның авариялық-қалпына келтіру бригадасының күшімен әуе желісі сымының 2-аралығы қалпына келтірілді және шектеу 7 сағат 25 минутта алынды.
7 сағат 42 минутта Алматы ауданы Оңтүстік-Шығыс ш.а. оң жағында электр энергиясының ағытылуы болды. «Астана-АЭК» АҚ-ның жедел-көшпелі бригадасы шығыс желісін оқшаулау кедергісіне тексеру және өлшеу жүргізді, нәтижесінде екі жеке КТШС 10 кВ кабель желісінің зақымдануы анықталды. 11 сағат 03 минутта шектеу алынды.
7 сағат 58 минутта Алматы ауданы Оңтүстік-Шығыс ш.а. сол жағында «Степная» ШС жағынан ТШС-1055-те 10 кВ кабель кірісінің зақымдану нәтижесінде авариялық ағытылу болды. Себебін анықтағаннан кейін, 16 сағат 24 минутта КЖ-10 кВ қалпына келтіргенге дейін Мұстафин көшесі 40, Бекарыс көшесі, 33 екі бес қабатты тұрғын үйден басқа, шектеу алынды.
Ауа райының бұзылуына байланысты, атап айтқанда мұз болып қатуға ұлғасқан қардың еруінен, 9 сағат 15 минутта ҮП-39-да релелік қорғаныс іске қосылып, №2 ұяшық ағытылды. Оқшаулауды байқап, тексергеннен кейін 9 сағат 56 минутта Рысқұлбеков және Мүсірепов көш. қиылысы ауданындағы КТҚ қосылған болатын. Оқшаулауды сынау және жабдықтарды тексеру үшін құрылыс салушының теңгеріміндегі шағын станцияға «Астана-АЭК» АҚ-ның бригадасына кіруге рұқсат бергеннен кейін 12 сағат 51 минутта қалған тұтынушылар қосылған болатын.
Басқа жерлерде электр энергиясын ағыту жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін жүргізілді, олармен күн сайын «Астана-АЭК» АҚ немесе iKomek қызметінің сайтынан танысуға болады.
«Астана-АЭК» АҚ келтірген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.