Өрт сөндіру жұмыстары кезінде өрт сөндіру бригадалары персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сол кабель каналында тартылған 32-кабель желісі ағытылды.
Өрт ауыздықталғаннан кейін «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ бригадалары дереу авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.
Авария орнында болған қала әкімі А.С.Көлгіновтің өкімі бойынша күрделі ауа райы жағдайы және тұрғын үй кешендерінің жылу жүйесін қатырып алу қаупіне байланысты, бірінші кезекте тұрғын үй кешендерін электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге кірісті. Бұл шешім үкіметтік объектілерде және қоғамдық ғимараттарда электрмен жабдықтау схемасында меншікті дизель-генераторлардың болуын, сондай-ақ ажырату демалыс күндері болғанын есепке алып қабылданған болатын.
Авария кезінде 3 сағат 43 минутта 21-тұрғын үй кешені шектеуде болды, оның ішінде 12-ТК 14 сағат 49 минутқа дейін және 6-ТК 2019 жылғы 10 қарашада 23 сағат 27 минутта қосылған болатын. Қалған 3-тұрғын үй кешені 2019 жылғы 11 қарашада 9 сағат 16 минутқа қарай қуат көзіне қосылды.
Кабель каналын қалпына келтіру жұмыстарына саны 45-адам және 12-бірлік арнайы техника және қажет жабдықтармен жасақталған, жоғары вольтті зертхана бар компания персоналы тартылды. Бұдан басқа, 5-жедел-көшпелі бригаданың күшімен объектілерді резервтік электрмен жабдықтау схемасына қайта қосу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғын үй кешендерінің тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін (жылыту жүйесі және сумен жабдықтау сорғылары, лифтілер, авариялық жарықтандыру) электрмен жабдықтау үшін мобильді дизель-генераторлар орнатылды.
Тұтынушыларға электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін істен шыққан кабель желілерін ауыстыру жұмыстары үздіксіз және бір жарым тәуліктің ішінде толық жүргізілді.
Резервтік кабель желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, кабель лотоктарының жабындары қалпына келтірілді. 2017 жылы «Астана-ЛРТ» орындаған кабель желісін шығару учаскесін, комиссия жұмыс істеген кезеңде және бұрын бекітілген жобаға сәйкес кабель желісін қайта жаңартуды кімнің жүргізетіндігі туралы шешім шығарғанға дейін консервациялау жүргізілді.