Мейкатон – технология және тапқырлықтың арқасында мүмкіндігі шектеулі жандардың және олардың ортасы - нидноуерлердің (need knowers) нақты өмірлік қиындықтарын шешетін өнертапқыш-мейкерлердің қауымдастығы. Мұндай іс-шаралар 2014 жылдан бері әлем бойынша өткізіледі: АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Израиль, Бразилия, Канада, Австралия, Вьетнам. Бізде Қазақстанда 2015 жылдан бері саны бойынша 9-шы.
Дархан және бірнеше команданың барлық қалған қатысушылары пайдалы, қайырымды іске өздерінің үлестерін қосу мақсатында үш күндік мейкатонға қатысты. Барлық командалар мүгедектердің қоғамда бейімделуі және олардың толыққанды өмірін ұйымдастыруға бағытталған қолдануға ыңғайлы, дайындауда қарапайым және қол жетімді прототип құратын болады.
«Жәрдем» командасы «Толыққанды өмір үлгісін жүргізуге арналған жетілдірілген электр мүгедектер арбасы» жобасымен жұмыс істейтін болады.
Біздер Дарханға және оның командасына өздерінің өнертапқыштық әлеуетін іске асыруда жоғары жетістіктерге қол жеткізуге тілектеспіз!