Светлана Владимировна 38 жылдық еңбек өтілінде 22-жыл «Астана-АЭК» АҚ-да тұтынушылармен жұмыс бөлімінде еңбек етті. Осы жылдар ішінде өзін білікті, бастамашыл, күрделі мәселелер бойынша шешім қабылдауда жауапкершілік ала білетін жұмыскер ретінде көрсете білді.
Көп жылғы табысты еңбегі және энергетиканың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін бірнеше рет құрмет грамоталармен марапатталды.
Әріптестері Светлана Владимировнаның еңбексүйгіштігі, адамдармен қарым-қатынаста сыпайылығы мен парасаттылығы, зор абыройға ие қызметкерлердің бірі екендігін ерекше атап өтті.
Светлана Владимировна! Барлық ұжым қызметкерлері Сізге адал қызметіңіз үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілейді.