Бідің кәсіподақта аз уақыт ішінде көптеген оқиғалар болды. Соңғы кезде жұмыскерлер кәсіпорын өміріне белсене араласып, кәсіподақ ұйымына кірушілер саны артты.
Кәсіподақ кәсіпорын әкімшілігімен бірге мерекелерде көпшілік іс-шаралар өткізеді, оның ішінде 8 наурыз, Наурыз мейрамы, Балаларды қорғау күні, Қарттар күні, Энергетиктер күні бар. Қызметкерлердің күшімен концерттер ұйымдастырылып, балалар арасында суреттер байқауы, спартакиадалар, ұтыс ойындары және т.б. өтеді. Биыл алғашқы рет кәсіподақтың бастамасымен 2018-2019ж. жылыту маусымынан ойдағыдай өту қорытындысы бойынша үздік жұмыскерлерге тұрмыстық техникаға сертификаттар тапсырылған болатын. Осылайша әділдік, бірлік пен ынтымақтастық қағидасына негізделген кәсіподақ ұйымының дәстүрі еселеп көбеюде.
Біздің кәсіподақ энергетиктердің салалық одақы арқылы кәсіби мерекеде үздік жұмыскерлерді ақшалай төлемақымен марапаттауға бастама көтерді. Соның арқасында жыл сайын энергетиктердің салалық одағы сияқты, Энергетика министрлігінен марапатталушылар саны артуда. Астананың энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосқан жұмыскерлер құрмет грамоталарымен марапатталып, «Еңбек сіңірген энергетик» атағы берілуде.
Сондай-ақ 2017 жылдың аяғынан бері кәсіподақ ұйымының мүшелеріне, ұжымдық шартқа енбеген немесе бар төлемдерге қосымша, бір жолғы материалдық көмек көрсету бөлігінде төлемдер регламенті әрекет етеді. Кәсіподақ кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекақысын арттыру мәселесіне өз үлесін қосады. Ол үшін мәселенің жоғары тұрған органда қаралуы үшін «Энергетиктердің салалық кәсіподағы» ҚБ-ге бірнеше рет жүгінді.
Кәсподақ қызметі ауқымды және жан-жақты. Кәсіподақ өкілдері еңбек ұжымымен кездесулерге қатысады, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыскерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде мәселерді қарастырады.
Біздің кәсіподақ ұйымына алдағы қызметіне толағай табыс тілейміз!