Мерекеге 120 зейнеткердің 80-нен астамы келді. Қоғамның кәсіподақ ұйымының көмегімен бай дастархан жайылып, қызметкерлер мен арнайы шақырылған әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ Қоғамның ұжымдық шартына сәйкес бір жолғы төлем берілді.
Барлық жиналған зейнеткерлер бір-бірімен, жұмыс істейтін әріптестерімен кездесіп мәре-сәре болды. Сөз сөйлеген қонақтар кәсіпорынның құрылу тарихынан сыр шертіп, жұмысқа алғаш келулері, алған тәжірибелері, оны жастарға үйрету жайлы әңгіме қозғады. Өмірден озған әріптестерін де еске алды. Мерекелік іс-шара кереметтей жылы, көңілді, әдемі жағдайда өтті. Кеш соңында ырза болған қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулерге қуана келетіндерін білдірді.
Қазыналы қарттарымыз аман болсын!