«Әділет» тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының өкілі бар баспасөз-турына қатысушылар 2018 жылы ТШС және ҮП жабдықтарын ауыстыру, 110/10 кВ шағын станцияны қайта жаңарту және электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу жүргізілген объектілерде болды.
«Астана-АЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасын іске асыру барысында келесі жұмыс түрлері орындалды:
Күрделі жөндеу толық көлемде орындалды: ӘЖ-10/0,4 кВ ұзындығы 42,68 км және ҮП, ТШС, КТШС саны 31-дана.
Ескірген жабдықтар ауыстырылды: сүйеу шкафтары, ҮП, ТШС, КТШС-ғы жабдықтар. КТШС жанындағы күш беретін үлестіру шкафтары (КБҮШ) толық орнатылды, сондай-ақ «Южная» ШС ЖҚҚ ауыстырылды және ҮП-14-те жабдықтарды ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Релелік қорғаныс жөнінде жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда «Школьная», «Южная» ШС-ны Мониторинг және Басқару жүйесі (SCADA) бөлігінде жетілдіру. ЭКЕАЖ енгізу бойынша жұмыстар аяқталуға жақын екендігін ескеру қажет.
Инвестициялық бағдарлама аясында ағымдағы 2019 жылдың аяғына дейін сатып алу процессінде «Новая» ШС және «Левобережная» ШС қайта жаңарту үшін трансформаторларды сатып алу жоспарлануда.
Қатысушылар кәсіпорындағы инвестициялық бағдарлама барысы туралы есепті мұқият зерттеп, өзінің ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Кәсіпорынның жұмысында ескертулер анықталған жоқ.
Инвестициялық және жөндеу бағдарламасын орындау энергия жүйесінің тұрақты жұмысын және күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орайы келгенде күзгі-қысқы жүктеме максимумы кезеңіне қалалық электрмен жабдықтау желілерін дайындау және ЭКЕАЖ енгізу мақсатында жүргізілетін жұмыстарды орындау қажеттігіне қалалықтардың түсіністікпен қарауын сұраймыз.