Азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ әкімшілік ғимаратында жайлы жағдай жасау үшін жабдықталған күту залы, ақпараттық стендтер және баспа өнімдері (буклеттер) бар, тұтынушылар толығымен баспа өнімдерімен қамтамасыз етілген. Ғимараттың холлында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көтергіш, кезекті басқару терминалы, гардероб, санитарлық торап және көшіру аппараты жұмыс істейді.
Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және «Электрмен жабдықтау желілеріне жалғану» Doing Business көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан қаласының рейтингін жақсарту мақсатында 2018-2019ж.ж. «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ-да кешенді іс-шаралар әзірленіп, іске асырылды.
2018 жылдың ішінде келесі ұйымдық-техникалық іс-шаралар орындалды:
- Сенбі күндері сағат 9.00 бастап сағат 13.00 дейін электр желілерге жалғану үшін техникалық шарттарды алу мәселесі жөнінде қосымша тұтынушыларды қабылдау уақыты ұйымдастырылды.
- Тұтынушылардың өтініштері мен жүгінулерін қабылдау уақыты күн сайын жұмыс күндері сағат 17.30 дейін ұзартылды.
- Жайлы жағдай жасау үшін пайдалы алаңды ұлғайтып тұтынушыларды қабылдау кабинетіне қайта жаңарту жүргізілді.
- Тұтынушыларды қабылдау орындарында бейне-аудио жазба функциясымен Web-камералар орнатылған.
- Компанияның ресми сайты электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін беру функциясымен жабдықталған.
- Компанияның сайтында компанияның жұмыс режимі, желідегі жоспарлы ағытулар, шағын станциялардың жүктемесі туралы ақпарат орналасқан. Сондай-ақ сайтта жүктеу үшін қол жетімді өтініштердің үлгілері бар.
- 2018 жылғы мамырдан бастап электр қондырғылары тұтынушылардың желілеріне жалғанатын қосалқы тұтынушылар үшін техникалық құжаттаманы алу процессі оңтайландырылды.
- Электр желілерге жалғану кезінде энергетикалық сараптама қорытындысын алу туралы талап алынып тасталды.
2019 жылы келесі іс-шаралар орындалды:
- Монополияға қарсы заңнама талаптарына сәйкес техникалық шарттарды беру туралы тұтынушылардың өтінімдерін қарау мерзімі 5 жұмыс күнге дейін қысқарды.
- Электрмен жабдықтау жобасын міндетті келісу қажеттілігі алынып тасталды.
- Орындалған жұмысты тексеру және электр желілердің теңгерімдік тиесілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актісін рәсімдеп реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайындық, сондай-ақ тұтынушылардың электр қондырғыларын қолданыстағы электр желілерге қосу процессі оңтайландырылды.
- Электронды құжат айналымы жүйесі енгізілді, оның аясында ТШ беру үшін өтінім қаралады және электр желілерге жалғануға техникалық шарттар рәсімделеді.
- 6 маусымнан бастап «Нұр-Сұлтан қаласында индустриалдық-инновациялық және инвестициялық дамуды қолдау саласында алаң құру және сүйемелдеу» (I-Qala қала) жобасы аясында «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері I-Qala кеңесшілерімен бірге Қошқарбаев көшесі, 29 мекенжайындағы фронт-кеңседе электрмен жабдықтау желілеріне қосылу мәселесі жөнінде тұтынушыларды қабылдауды жүзеге асыруда.
- Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «I-Qala» жобасының құрамында «Астана-АЭК» АҚ-ның келесі қызметтеріне өтінімдерді берудің on-line сервисі жұмыс істейді: техникалық шарттарды беру және заңды және жеке тұлғалар үшін қосалқы тұтынушылардың ТШ келісу.
- Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап тұтынушылар үшін www.astrec.kz компанияның ресми сайты арқылы компанияның кеңсесіне бармай техникалық шарттарды алу үшін өтінім беру қызметі қол жетімді («Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» тарауы ® «пайдаланушының жеке кабинетінде «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін өтінім беру»)
Ағымдағы жылдың аяғына дейін тұтынушыларда компания кеңсесіне бармай «I-Qala» сервисі арқылы компанияның қосымша алты қызметін алу мүмкіндігі пайда болады (оның ішінде: шекараны бөлу актісін қайта рәсімдеу; орындалған жұмыстарды және кейіннен электр желілердің теңгерімдік тиесілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актісін беріп реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайындықты тексеру және бөтен ұйымдардың тұтынушыларының электр қондырғыларын қолданыстағы желілерге қосу; электр қондырғыны ағытуға (демонтаждауға) өтінімдер).
2020 жылдың ішінде электр энергиясын есепке алу саласында 4-қызмет үшін ұқсас сервисті іске асыру жоспарланған