Жаттығулардың тақырыбы: Өрт туындаған кезде объекті персоналының бастапқы әрекеттерін пысықтау, объекті жеке құрамының өртке қарсы қызметпен өзара әрекеті, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде ықтималды өртті жою.
Жаттығуға Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру қызметінің 17-МӨБ және 3-МӨБ жауынгерлік есептобы қатысты. «Астана-АЭК» АҚ тарапынан орталық-диспетчерлік қызмет, жедел-көшпелі қызмет, сенімділік және қауіпсіздік техникасы қызметі, қауіпсіздік және мониторинг қызметі, деиспетчерлік және технологиялық басқару қызметі мен арнайы жұмыстар және азаматтық қорғаныс бөлімі тартылды.
Жаттығу барысында келесі іс-әрекеттер жетілдірілді:
- 110/10 кВ шағын станцияда трансформатордың ықтималды тұтану кезінде жедел-көшпелі бригаданың ахуалын бағалау;
- Орталық-диспетчерлік қызметтің өрт сөндіру қызметі және компания басшылығын хабардар ету схемасын пысықтау;
- Өрт сөндіру есептобы келгенге дейін объектінің жеке құрамы мен жедел-көшпелі бригаданың бастапқы әрекеті;
- 110/10 кВ шағын станцияда трансформатордың ықтималды тұтануын сөндіру кезіндегі объектінің персоналы және өрт сөндіру есептобының жеке құрамымен өзара әрекеті;
- Өрт-техникалық жаттығуларды талдау.
Өрт сөндіру қызметі біздің мамандардың барлық әрекетін білікті ұйымдастырылған және келісілген деп атап өтті. «Астана-АЭК» АҚ персоналы өрт сөндіру есептобының жеке құрамымен өзара әрекеттесуде кәсіпқойлық пен құзыреттілік танытты. Ескертулер жоқ, жаттығулар ойдағыдай, жоғары деңгейде өтті.