Алматы аудандық электр желілерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы. Бүгінде ААЭЖ-де жоспарланған 11500 метр ӘЖ-10/0,4 кВ сымның 9585 метрі ауыстырылды. Алматы АЭЖ «Астана-АЭК» АҚ-ның төрт бөлімшесінің бірі болып табылады. АЭЖ қызметі электр желілерді, атап айтқанда 10/0,4 кВ әуе желілерді, 10/0,4 кВ трансформаторлы және үлестіру пункттерін, сондай-ақ 0,4 кВ желіде сүйеу шкафтарын пайдаланудан тұрады. 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа электр желілерді дайындау аясында Алматы АЭЖ көктемнің басынан бері 29-10/0,4 трансформаторлы шағын станция жабдығына жөндеу жүргізді.
Жыл сайын Алматы АЭЖ бұрын 1970 жылдары орнатылған астананың жеке меншік секторындағы ескі ағаш тіреулерді темір бетонға және электр сымдарын ауыстыруды жоспарлы жүргізуде. «Жүргізілген жұмыстардың арқасында тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасы айтарылқтай жақсарады»-деп атап өтті ААЭЖ әуе желілері бойынша жөндеу бригадасының шебері Жәнібек Рахметов.
Құрметті тұрғындар мен астана қонақтары! Жоспарлы электр энергиясын ағытуға байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Түсіністік білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Жөндеу бағдарламасының көлемін уақытылы орындау электр энергиясының максималды жүктемесінде күзгі-қысқы кезеңнен ойдағыдай өтуді, Нұр-Сұлтан қаласының электр энергиясының тұтынушыларын авариясыз және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.