Жас мамандардың еңбегін ынталандыру мақсатында Ұжымдық шартта әлеуметтік жеңілдіктерді бейнелейтін тармақтар бар. Солардың бірі электр энергетикасы мамандығы бойынша білім алатын жастарға ақылы оқу еңбек демалысын беру.
Кадрлардың тұрақтамауын азайту үшін Қоғам энергетикаға жас және білікті мамандарды тарту жөнінде Бағдарламаны әзірлеп, бекітті. Оған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, мамандандырылған ұйымдарда және жұмыс орнында біліктілігін арттыру, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және т.б. кіреді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерінің жыл сайын өндірістік тәжірибеден өтуі туралы шарт жасалған. 2018-2019 жылдардағы кезеңде жоғары оқу орнынан кейін техникалық білім алған студенттер Қоғамға жұмысқа қабылданды
Жас мамандардың ішінде қарқынды еңбек үлгісін көрсеткен жұмыскерлер де бар. Электромонтер Малғаждаров Арман Аяпбергенұлы, инженерлер Тлеулесов Азамат Бақтыбекұлы және Ахметқали Мөлдір Айтбайқызы, шеберлер Хасанов Темирхон Маратұлы мен Қаржасұлы Ғинаяттың кандидатуралары «Өндірістің ең үздік жұмыскері» номинациясы бойынша республикалық «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін ұсынылды. «Астана-АЭК» АҚ-да жұмыс істеген кезеңінде білгір, шешім қабылдауда батыл және перспективасы бар бұл мамандар өте еңбекқор, өз ісіне жауапты, спорт жарыстарына белсене қатысады.
Сондай-ақ «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» номинациясы бойынша «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін Алматы АЭЖ инженері Байтанатов Әдебиет Садықұлы және үлестіру желілерін пайдалану жөніндегі электрмонтер Қадырбаев Бақтыбек Тілеулесұлының кандидатуралары ұсынылды.
Олар туралы толық http://astana.gov.kz/ru/news/konkurs-ebek-zholy/rubrics. сілтемесінен оқуға және дауыс беруге болады.
Барлық жастарға еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете берулеріне тілектеспіз!