Қазбек Теміртасұлы Қалалық Электр Желілерінде (қазіргі уақытта «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ) 1956 жылдан бастап 2004 жылға дейін еңбек етті. Өзінің еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында қатардағы электрмонтерден аудандық үлестіру желілері бастығының орынбасарына дейін көтерілді.
ҚазКСР энергетикалық кәсіпорындары арасындағы жарыстарда және одан кейін Тәуелсіз Қазақстанда өзінің білімі және тәжірибесін жас буынға үйретуші ретінде бірнеше рет қалалық электр желілері командасын басқарды, нәтижесінде үш рет жүлделі орынға ие болып арнайы машиналар әкелген (ол жылдары кәсіпорынға оны сатып алу қиын болатын).
Қазбек Теміртасұлының еңбегі елеусіз қалмады. «Социалистік еңбек жеңімпазы», «КСРО энергетика және электрлендіру үздігі», «Құрмет белгісі» медалдерімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығына орай құрмет белгісімен марапатталған.
«Целинэнерго» өндірістік-энергетикалық бірлестігінің құрамы 12,5 мың адамды құрайтын еңбек ұжымы кеңесінің төрағасы болған.
Екі рет депутат болып сайланды: 1987 жылы Целиноград қаласы Совет ауданының халық депутаттар Кеңесіне және 1989 жылы Целиноград облысы Целиноград қалалық халық депуттатары Кеңесіне.
Битлесов Қазбек Теміртасұлы ондаған километр электр жеткізу желілерін және трансформаторлы шағын станцияларды салуға қомақты үлес қосқан. Әріптестері оны өнертапқыш және жастардың тәжірибелі тәлімгері ретінде еске алады. Одан тәлім алған мамандар бүгінде ірі компанияларда, қаланың басқа кәсіпорындарында еңбек етуде.
Қазбек Теміртасұылының артында жары бұрын энергетик болған, екі ұлы және үш немересі қалды. Үлкен ұлы мен немересі ата-анасының жолын қуып энергетика саласында еңбек етеді.
«Астана-АЭК» АҚ ұжымы Қазбек Теміртасұлының жақын туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Сіздің бейнеңіз мәңгі көз алдымызда. Ел игілігі үшін жасаған еңбегіңіз әрқашан жадымызда сақталады.