Әлібек Мешінбайұлы, «Астана-АЭК» АҚ электр энергиясының шығындарын азайту үшін қандай шаралар мен әрекеттер қолданады?
Желілердегі электр энергиясының шығындарын азайту бойынша неғұрлым тиімді іс-шаралар негізінен нормативтік шығындарды төмендеуімен байланысты. Бұл іс-шаралар электр энергиясының нақты шығындарын және тиісінше энергия беруші ұйымның шығындарын төмендетеді.
Барлық іс-шараларды ұйымдастыру және нормативтік шығындарды төмендету іс-шаралары деп бөлуге болады.
Ұйымдастыру іс-шараларына:
- нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіру;
- шығындарды мониторингтеуді ұйымдастыру;
- персоналды ынталандыру және оқыту жатады.
Нормативтік шығындарды төмендету іс-шараларына:
- электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу;
- желі жұмысының сызбаларын және режимдерін оңтайландыру;
- реактивті қуатты өтеу;
- шамадан тыс жүктелген және жүктелмеген трансформаторларды ауыстыру;
- шамадан тыс жүктелген желілердегі сымдарды ауыстыру;
- маусымдық жүктемесі бар трансформаторларды ағыту;
- теңгерімдік тиесілік шекарасында есепке алуды орнату;
- персоналды есепке алынбаған тұтынуды анықтау құралдарымен жарақтандыру;
- электр энергиясын ұрлауды анықтау жатады.
Тұтынушы ЭКЕАЖ-дан бас тарта алады ма?
Жоқ, бұл Электр энергиясын пайдалану қағидаларының талаптары болып табылады. Қағидалардың 38-тармағына сәйкес «Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысу үшін электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары қажетті коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Электр энергиясының есебін жүргізу үшін типтері Өлшем бірліктерін қамтамасыз ететін мемлекеттік тізілімге енгізілген және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымда коммерциялық есепке алу құралдарының автоматтандырылған паркі болған жағдайда, алыстағы байланысқа бұрын орнатылып, икемделген құрал-жабдықтың ЭКЕАЖ жұмыс өлшемдеріне толық сәйкес келетін жұмыс өлшемдерін ұстайтын электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралының түрі пайдаланылады».
ЭКЕАЖ-ға арналған есепке алу құралдары кімнің есебінен орнатылады?
Қағидалардың 39-тармағына сәйкес «Жаңа салынып жатқан және қайта құрылатын объектілерде электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралын ЭКЕАЖ мақсатында орнату тұтынушының есебінен, ал электр энергиясын тұрмыстық қажеттілікке пайдаланатын тұтынушылардың бұрын қойылған коммерциялық есепке алу құралын ауыстыру, аталмыш норма электр энергиясы тарифінің ішіне кіретін жағдайда ғана энергия беруші ұйымның есебінен жүргізіледі».
Тұтынушы есепке алу құралын теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс жерге орната алады ма?
Энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасындағы есеп айырысу үшін электр энергиясын есепке алу электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасында жүргізіледі. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын электр желісінің теңгерімдік тиесілілік шекарасынан тыс жерге орнатуға жол беріледі.
Электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралын электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын орнатқан жерге дейінгі учаскедегі электр энергиясының шығындары шарт негізінде теңгерімінде желінің көрсетілген учаскесі тұрған иегердің меншігіне жатқызылады және энергия беруші ұйымның есептік жолымен анықталады.
Электр энергиясын бұзушыларға қандай шаралар қолданылады?
Тұтынушыда бұзушылықтар, атап айтқанда энергия беруші ұйымның желілеріне өз бетінше қосылу, есепке алу құралының жанынан электр энергиясын қабылдағыштарды қосу, бұрын энергия беруші ұйым белгілеген пломбаның болмауы анықталған кезде Қағидалардың бұзылуы туралы акт жасалады, электр энергиясын беру тоқтатылады және соңғы аспаптық тексеруден қайта есептеу жүргізіледі. Тұтынушы электр энергиясына сызбадағы және есепке алу құралындағы бұзушылықтарды жойғаннан кейін, қайта есептеу төлемі мен қосу үшін соманы төлегеннен кейін қосылады.