Құрметті «Астана-АЭК» АҚ тұтынушылары!

06 июня 2019

 iQala – қала билігі мен тұрғындарының ара-қатынасының жаңа форматы. iQala фронт-офисі  әкімдік басқармалары, қаланың коммуналдық және муниципалдық қызметтері, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының қызметін «бір терезе» қағидасы бойынша біріктіреді. 

Тұтынушыларға біздің кеңесшіден:

  1. Электр желілерге жалғану үшін техникалық шарттарды беру;  
  2. Теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісін рәсімдеу  (жаңа құжатты алу); 
  3. Тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісін қайта рәсімдеу (қолданыстағы объектілер үшін); 
  4. Тұтынушының қосалқы тұтынушыға берген техникалық шарттарды келісу: 
  • әкімшілік ғимарат, бизнес-орталық, сауда-ойын сауық орталығы; сауда үйі; паркинг; өндірістік мақсаттағы объектіден қосылу; 
  • т/үйдің желілеріне қосылу; 
  • көшені жарықтандыру желілеріне қосылу;
  1. Орындалған жұмыстарды және кейіннен электр желілердің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актісін беріп, реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайындығын тексеру және бөгде ұйымдар тұтынушыларының электр қондырғыларын қолданыстағы желілерге қосу. 
  2. Объекті құрылысының аяқталуына байланысты немесе электр қондырғылардың қажеттілігінің болмауына байланысты электр қондырғысын демонтаждауға (ағытуға) карта өтінімді беру сияқты бірінші кезектегі қызметтерді алуға болады

Болашақта біздің көрсететін қызмет тізбесі ұлғаятын болады. 

iQala қалалық қызмет көрсету фронт-офисі жұмыс күндері сағат 09.00 бастап сағат 18.00 дейін Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайында келушілер үшін ашық.  iQala қалалық қызмет көрсету орталығының жұмысына қатысты туындаған сұрақтар бойынша 109 қалалық біріңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. 

http://astana.gov.kz/kz/news/news/19630