«СІЗ СҰРАЙСЫЗ-БІЗ ЖАУАП БЕРЕМІЗ» АЙДАРЫ – ЭЛЕКТР ЕСЕПТЕГІШ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ, ҚАЙДА БАРУ КЕРЕК?

Электр есептегіш жұмыс істемейді, қайда бару керек?

Электр энергиясын есептегіш пломбаланбаған не жұмыс істемейтін жағдайда, өтінімді жазбаша түрде «Астана-АЭК» АҚ-ға Домалақ ана көшесі, 9 мекенжайы бойынша электрондық кезек арқылы 3, 4-терезелерге беру қажет. Өзімен бірге өтінім берушінің осы өтінім берілетін ұйымға қатыстылығын растайтын құжат (сенімхат) болуы қажет.. Жеке тұрғын үйлер мен абаттандырылмаған үйлердегі пәтерлер үшін өзімен бірге меншік иесінің немесе сенімхат бойынша оның өкілінің жеке куәлігі болуы қажет.

Сондай-ақ call-орталықта 620-456 телефоны бойынша кеңес алуға болады.   

Жеке үйлерде жылына қанша рет көрсеткіштерді бақылап алу жүргізіледі?   

«Астана-АЭК» АҚ өзінің қызмет аясында коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алуды жүзеге асырады, қызмет көрсетілетін желілерге қосылған тұтынушылардан тұтыну көлемін айқындайды. Тараптардың келісімі бойынша тұтынушы электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін «Астана-  АЭК» АҚ-ға өздігінен бере алады. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу кезінде тұтынушының жіберген қателіктерін «Астана-АЭК» АҚ олардың анықталуына қарай түзетеді.  

Сондай-ақ, «Астана-АЭК» АҚ тұтынушының немесе оның өкілінің қатысуымен есепке алу құралының жағдайын және оны қосу схемасын айқындау мақсатында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың жаңа есебін қабылдау және  схемаларын тексеруді жүргізеді. Көрсеткіштерді алу және коммерциялық есепке алу схемаларын тексеру мерзімдері регламенттелмеген.      

Пломба дегеніміз не? Пломбаның бұзылуына кім жауап береді?  

Пломбалау құрылғысы (пломба, пломбалау тросы) - бұл рұқсат етілмеген қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ететін бекіткіш механизмі бар бір рет пайдаланылатын құрылғы.

Есептегіштер мен пломбалардың сақталуына кім жауап береді?

Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңның 19-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Электр және жылу энергиясын тұтынушылар, тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға міндетті. Яғни тұтынушы электр қондырғыларын теңгерімде ұстаушысы болып табылған жағдайда есепке алу құралының, пломбаның сақталуы мен бүтіндігі үшін жауапты болады.