«СІЗ СҰРАЙСЫЗ-БІЗ ЖАУАП БЕРЕМІЗ» АЙДАРЫ – ЭЛЕКТР ЕСЕПТЕГІШ САРАПТАМАСЫ

Есептегіш  сараптамасы дегеніміз не?  

ҚР-СТ 2.4 – 2017 Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі «Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру және өткізу тәртібі» (бұдан әрі – ҚР СТ) 4.1-тарм. сәйкес өлшеу құралдарын тексеру өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында, сондай-ақ олардың қолдануға жарамдылығын анықтау үшін жүргізіледі.  

Тексеру әдістемесінің талаптарына сәйкес жүргізілген тексеру олардың осы өлшем құралдарына метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын өлшеу құралдары тексеру аралық интервал ішінде қолдануға жарамды деп танылады.  

Сараптама қайда жүргізіледі?

ҚР СТ 4.8-тармағымен «Өлшеу құралдарын тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ тексеру жүргізуге аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады. Өлшеу құралдарын тексеруді тиісті өлшеу түрлері бойынша салыстырып тексерушілер ретінде аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің мамандары жүргізеді» деп көзделген.

ҚР СТ 6.1-тармағына сәйкес өлшеу құралдарын тексеру жүргізіледі

1) стационарлық тексеру зертханаларында;

2) жылжымалы тексеру зертханаларында;

3) салыстырып тексерушілерді іссапарға жіберу арқылы, тікелей өлшеу құралдары орналасқан жерлерде;

4) өлшеу құралдары иелерінің БӨП-де жүргізіледі.  

Ол қандай жағдайларда жүргізіледі?  

ҚР СТ 5-тарауында өлшеу құралдарының бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық тексерулерден өтетіндігі көзделген.  

     1) Бастапқы тексеруге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін не Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, типін бекіту мақсаттары үшін және бекітілген типке сәйкестігі үшін сынақтардан не ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялық аттестаттаудан өткен және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген, сондай-ақ жөндеуден шығарылатын өлшеу құралдары жатады.  

 2) Мерзімді тексеруге пайдаланудағы немесе ҚР МӨЖ тізілімінде көрсетілген, белгіленген тексеру аралық интервалдар арқылы сақтаудағы өлшеу құралдары жатады.  

3)  Кезектен тыс тексеруді өлшеу құралдарын тексеру аралық интервал аяқталғанға дейін пайдалану (сақтау) кезінде жүргізеді. Өлшеу құралдарын кезектен тыс тексеруді мынадай жағдайларда жүргізеді:    

  - тексеру аралық интервалды түзету қажеттілігі; 

  - өлшеу құралдарын қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі;  

  - салыстырып тексеру таңбасы бедерінің, өзі жапсырылатын лейблдің, пластикалық пломбаның бүлінуі немесе өлшеу құралдарының бастапқы немесе мерзімдік тексеруден өткенін растайтын құжаттың, оның ішінде оларды сақтау кезінде жоғалуы;  

  - өлшеу құралдарын немесе құрамында өлшеу құралдары бар бұйымдарды консервациялауға қойылатын талаптарға байланысты мерзімді тексеру жүргізу мүмкін болмайтын, сақтаудан кейін өлшеу құралдарын пайдалануға енгізу;  

  - өлшем құралдарын, сондай-ақ жиынтығында өлшем құралдары қолданылатын бұйымдарды қайта консервациялау;  

  - тексеру аралық интервалдың жартысы өткеннен кейін өлшеу құралдарын ұзақ сақтауға беру.   

4) Өлшеу құралдарын инспекциялық тексеру –  олардың дұрыстығын, соңғы тексеру нәтижелерінің дұрыстығын, қабылданған тексеру аралық интервалды нақтылау және өлшеу құралдарын пайдаланудың дұрыстығын анықтау үшін мемлекеттік метрологиялық бақылау және метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде жүргізіледі.  

5)   Сараптамалық тексеру метрологиялық сипаттамалар, өлшеу құралдарының жарамдылығы және олардың пайдалануға жарамдылығы бойынша даулы мәселелер туындаған кезде жүргізіледі.  

 

9.      Егер Сіздің есептегішіңіз сараптамада болса, есептеу қалай жүргізіледі?  

Егер есепке алу құралы энергетикалық сараптамада болса, есеп айырысу алдыңғы кезеңдегі электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі.

Энергетикалық сараптама жүргізілгеннен кейін, егер коммерциялық есепке алу қалпына келтірілмесе, дәл солай бір ай ішінде есептеу электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі. Бұдан әрі есептеу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуат бойынша жүргізіледі.      

10.    Егер электрмен жабдықтау  қарыздар үшін ажыратылса не істеу керек? Қайта есептеу неден туындайды?  

Қайта есептеу:  

- коммерциялық есепке алу құралын уақытылы қалпына келтірмеу (ұйғарым);  

- тұтынушы ай сайын есепке алу құралының көрсеткіштерін бермеу;   

- тұтынушы есепке алу құралының көрсеткіштерін (интернет, телефон арқылы) қате беру;  

- бақылаушы есепке алу құралының көрсеткіштерін қате алу;  

- бұзушылық актісі негізінде;  

- шарттық қуатты ұлғайту не азайту негізінде;   

- шартты бастапқы ашу;

- даулы мәселені шешу комиссиясының шешімі негізінде; 

- есепке алу құралын ауыстыру кезінде (алып тастағаннан бастап жаңа есепке алуды қабылдағанға дейін есептеу);  

- энергетикалық сараптама негізінде;

- ток трансформаторының номиналы бойынша;

- есептеу құралының мәнділігін анықтау барысында туындайды.