1. ЭКЕАЖ дегеніміз не?
Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі – электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді. Электр энергиясын (қуатын) коммерциялық есепке алу –бұл өндірілген және тұтынылған электр энергиясының (қуатының) мөлшері туралы деректер. Олар жеткізілген электр энергиясы мен қуаты үшін, сондай-ақ көрсетілген жеткізулерге байланысты қызметтер үшін өзара есеп айырысуға арналған. Электр энергиясының мөлшерін өлшеу және қуат көлемін анықтау, осы өлшеулердің нәтижелерін жинау, сақтау, өңдеу, беру және есептеу деректерін қалыптастыру процесі.
2. Неліктен бүгін ЭКЕАЖ орнату қажет? Орнату кімнің есебінен жүзеге асырылады?
«Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 38, 39-тармақтарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жаңадан іске қосылатын барлық объектілеріне ЭКЕАЖ орнату талап етіледі. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Астана-АЭК» АҚ жобаларды өз қаражаты есебінен енгізуде. Бұл жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жеке сектор тұтынушыларына есептегіштерді ЭКЕАЖ есепке алу құралдарына ауыстыру бойынша инвестициялық бағдарламаға сәйкес жүргізілуде.
ЭКЕАЖ-дан бас тартуға бола ма?
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 19-бабының 2-тармақшасына сәйкес ЭКЕАЖ-дан бас тартуға болмайды.
2. Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:
1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға міндетті.
Сондай-ақ «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 38-тарм. сәйкес Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысу үшін электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары қажетті коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Электр энергиясының есебін жүргізу үшін типтері Өлшем бірліктерін қамтамасыз ететін мемлекеттік тізілімге енгізілген және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымда коммерциялық есепке алу құралдарының автоматтандырылған паркі болған жағдайда, алыстағы байланысқа бұрын орнатылып, икемделген құрал-жабдықтың ЭКЕАЖ жұмыс өлшемдеріне толық сәйкес келетін жұмыс өлшемдерін ұстайтын электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралының түрі пайдаланылады.
Электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін қандай құжаттар қажет?
Тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін:
1) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен тараптардың электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісінің көшірмелері (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);
2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмелері;
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін);
4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың көшірмесі немесе электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін) жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартына қол қоюға уәкілетті тұлғаға бұйрықтың (сенімхаттың) көшірмесі;
6) көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда, техникалық шарттардың көшірмелері;
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
8) дербес деректерді жинау және өңдеуге жазбаша келісім;
9) тұрғын орынжайда (үйде, пәтерде) тіркелген адамдардың санын растайтын құжаттар талап етіледі.
Объектілердің иесі ауысқан кезде техникалық шарттарды ұсыну талап етілмейді.
Ескерту: осы тармақтың 1), 3-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға ұсынады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжатты энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым ұсынады.