«СІЗ СҰРАЙСЫЗ – БІЗ ЖАУАП БЕРЕМІЗ» АЙДАРЫ – ОБЪЕКТІНІ ЖЕЛІГЕ ҚОСУ

«Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» талаптарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген, 2-параграф) объектіні желіге (бір немесе үш фазалы) қосу үшін тұтынушы энергия беруші ұйымға («Астана-АЭК» АҚ) жазбаша өтінім беруі қажет. 

Өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:

1) жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;

2) ситуациялық жоспар;

3) өздігімен немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы орындалған өтінім берілетін электрлік қуатты есептеу-негіздемесі;

4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар.

Техникалық шарттарды алу тәртібімен, өтінімдерді қарау мерзімдерімен және осы сұрақ бойынша басқа пайдалы ақпаратпен (соның ішінде өтініштердің үлгілері) «Астана-АЭК» АҚ ресми сайтында astrec.kz «Басты  Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» бөлігінде таныса аласыз, сондай-ақ сайтта жүктеп алу қызметімен өтініштердің бланкілері жарияланған («Құжаттардың үлгілері»).

 Техникалық шарттарды беру және/немесе қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды. Объектіні желілерге қосу бойынша барлық шығындар (жабдықты және кабель өнімдерін, есепке алу құралын сатып алу, жобалау және электр монтаждық жұмыстар) қосатын объектінің меншік иесіне жүктеледі және қажетті іс-шаралардың көліміне байланысты.