Электр энергиясын есептеу және есеп айырысу қызметі

Электр энергиясын есептеу және есеп айырысу қызметінің (бұдан әрі - ЭЕжЕАҚ) қызметі заңды тұлғалар/жеке тұлғалар/КҚТҮҚ/ Астана қаласы бойынша тұтынушыларға электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу туралы актілер бойынша электр энергиясының көлемін есептеу және әрі қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға беру болып табылады.

ЭЕжЕАҚ негізгі міндеттері:

- жеке тұлғалар/заңды тұлғалар/шартсыз тұтынушылар бойынша бұзушылықтар актілері бойынша есеп айырысуды бақылау және талдау;

- әрбір тұтынушы бөлінісінде электр энергиясын беру көлемін есептеуді талдау;

- есептеу әдістері бойынша типтердің мониторингі және тұтынушылар бөлінісінде деректерді жинақтау;

- электр энергиясын есептеу және есеп айырысу мәселелері бойынша тұтынушылардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарау.

- компанияның негізгі міндеті электр энергиясын беру және бөлу, сондай-ақ елорданың тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Электр энергиясын есептеу бөлімі 2004 жылы құрылған Электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің негізінде 2016 жылы құрылды, оның негізін қалаушылар – Черняев Андрей Николаевич және Дүйсембаев Әлібек Мешінбайұлы (қазіргі уақытта Басқарма төрағасының орынбасары). 2018 жылдың сәуір айында бөлім Электр энергиясын есептеу және есеп айырысу қызметі болып қайта құрылды, оған Ғазезов Қайролла Қапезұлы басшылық етеді.

 

Черняев А.Н.

Черняев А.Н.

 

ЭЕжЕАҚ құрамына қызмет бастығы, заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің 16 қызметкері, жеке тұлғалармен жұмыс бөлімінің 18 қызметкері және 2 IT-маман кіреді.       

 

1990 жылдардың соңынан жұмыс істейтін қызмет ардагерлері Пискунова Елена Николаевна, Хусаинова Светлана Владимировна және Герингер Надежда Юрьевна өз әріптестерінің шеберлігін арттыруға үлкен мән беретін мол тәжірибесі бар инженерлер. Ұжымда лайықты құрметке ие.

ПискуноваХусаиноваГерингер

 

Жас қызметкерлер қойылған міндеттерді орындау барысында жақсы нәтижелер көрсетіп, жылдам үйренеді, жауапты: Бекенова Ж.Д., Ахметқали М.А., Каримов О.К., Ахметова Д.М., Ускенбаева А.М., Кенжегарина Г.А., Малибаева Б.Н., Алмаз А.Е., Отарбаева Г.Н., Кужинова А.М., Балтабеков А.Г., Мамчур Ю.Ф.

ЭЕжЕАҚ ұжымы тату және ұйымшыл, Қоғам қызметтері арасындағы жарыстарға, мерекелерге, сенбіліктерге және басқа да іс-шараларға белсене қатысады.

 

1

2

3

4