ЖЕДЕЛ-ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

Жедел-диспетчерлік қызмет (ЖДҚ) бүкіл елорда тұтынушылары – әкімшілік ғимараттар, коммуналдық объектілер және тұрғындарды электр энергиясымен жабдықтайтын Астана қаласының электр жабдықтары мен электр желілерінің жұмысын бақылау бойынша тәулік бойы бойынша жұмыс жүргізеді. Диспетчерлік қызмет кәсіпорынның өндірістік бөлімше бригадаларының ағымдағы, жоспарлы және авариялық жұмыстарын үйлестіреді. Кезекші диспетчердің қарамағында схемалар, жабдықтың техникалық сипаттамалары, байланыс құралдары бойынша келіп түсетін мәліметтер, есептеулер – бригадалардың жұмысына басшылық жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрі бар.
ЖДҚ операторлары тәулік бойы кәсіпорындармен және халықпен жұмыс жүргізеді, өтінімдерді қабылдайды және тұтынушыларды қаланың электр желілеріндегі жағдай туралы хабардар етеді.

Кәсіпорынның бүкіл тарихында жабдықты пайдалану шарттары және жұмыс істеу сенімділігіне қойылатын талаптар,  диспетчерлік қызметке қойылатын талаптар сияқты әр түрлі болды.
Біздің қаламыздың астана мәртебесін алуымен электр желілерінде заманауи жабдықтар пайда болды, көптеген жаңа шағын станциялар салынды, желілерді ауқымды қайта құру жүргізілді. Осы іс-шараларды орындау электр желілері жұмысының сенімділігін арттырды, авариялық ағытулардың саны мен ұзақтығы  азайды. Екпінді құрылыс қарқыны мен қаланың өсуі кезекші диспетчерлер мен операторлар жүктемесінің артуына әкелді, бұл ретте  маңызды мемлекеттік объектілерге электр энергиясын беретін желілердің жұмысы үшін жауапкершілік артты. Диспетчерлердің жұмысы тәжірибе мен жан-жақты білімді талап етеді, өйткені олар барлық қызмет жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Сондықтан, ЖДҚ-да басқа қызметтерде жұмыс өтілі бар, жабдықтың жұмысын және қаланың электр схемаларын білетін мамандар  жұмыс істейді.      

Жедел-диспетчерлік қызмет (ЖДҚ) 1980 жылы дербес кәсіпорын ретінде қалалық электр желілерінің құрылуымен бірге ұйымдастырылды.

ЖДҚ бірінші бастығы білгір маман және жақсы ұйымдастырушы Валерий Иванович Крамаренко болды. Одан кейін бұл лауазымда Борзов Виктор Сидорович,   Канюс Сергей Андреевич,     Бектасов Сағымбай Қалиақпарұлы,    Рыльцов Вячеслав Александрович,  Ткач Евгений Викторович,    Гончарук Юрий Борисович,   Дорогов Виталий Владимирович,    Варшавский Владимир Андреевич еңбек етті. ЖДҚ қазіргі бастығы Величко Александр Петрович  «Астана-АЭК» АҚ-да 14 жылдан астам уақыттан бері еңбек етеді.

Диспетчерлік орында хронологиялық тәртіппен Бектасов Сағымбай Қалиақпарұлы, Пьянкова Зоя Сергеевна, Шаталова Людмила Анатольевна, Борзов Виктор Сидорович, Дик Петр Петрович, Соколов Александр Владимирович, Охрименко Григорий Николаевич, Нуров Дәулет Николаевич, Черняев Андрей Николаевич, Скориков Владимир Владимирович, Романов Станислав Павлович, Ткач Евгений Викторович, Мусин Сартай Шамшитдинұлы, Игнатченко Вадим Борисович, Унгурян Виктор Константинович жұмыс істеді. ЖДҚ қазіргі диспетчерлері  Гончарук Юрий Борисович,Абеков Зейнелқабиден Қабылданұлы,Семенцов Дмитрий Викторович, Молдыбаев Қайрат Машкенұлы, Қасым Қайрат Біржанұлы, Никитин Евгений Валерьевич. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты Есіл ауданының жедел-диспетчерлік тобы (ЕАЭЖ ЖДТ) құрылды, оның диспетчерлік құрамын ЖДҚ диспетчерлері дайындады.

Бірінші оператор - Адахманова Дәметкен Құлтасқызы жұмыс уақыты бойынша кәсіпорынның құрдасы.  1981 жылы институт бітіргеннен кейін кәсіпорынға жас маман болып, режимдер жөніндегі инженер  Небрак Ирина Владимировна, училищені бітіргеннен кейін операторлар: Ахунова Гульфия Габдулзяновна және Авдеева Надежда Алексеевна, Белоконь Мая Маулетжановна және Белоконь Светлана Александровна келді. ЖДҚинженерлері Бильдюг Елена Николаевна және Шутова Виктория Владимировна сырттайоқып, арнайыбілімалды.

        Қазіргі уақытта қызметте 16 адам еңбек етеді:

        қызмет бастығы А.П.Величко;

        аға диспетчер Ю.Б.Гончарук;

        5-диспетчер - З.К.Абеков, Д.В.Семенцов, К.М.Молдыбаев,   К.Б.Қасым, Е.В.Никитин; 

        5-оператор – Д.К.Адахманова, Н.А.Авдеева, Г.Г.Ахунова,  Э.Г.Ахунова, А.Д.Рахимбекова;     

        келісімбойынша оператор Б.С.Шатаева;

        режимдік топ А.Д.Абдрахманова (жүктілік демалысында), Е.Н.Бильдюг,  В.В.Шутова.    

Бүгінде жедел-диспетчерлік қызметтің кадрлық құрамы-бұл 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар тәжірибелі қызметкерлер, сондай-ақ жас және перспективалы мамандар. Қызмет ардагерлері бірнеше рет адал еңбегі үшін ақшалай сыйлықақымен, бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Қызмет Қазақстан астанасын тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және электр желілеріндегі авариялар мен ақауларды жедел жою үшін қажет барлық қазіргі заманғы жаңа басқару, байланыс, телеметрия құралдарын меңгере және енгізе отырып, өмір сүреді, жұмыс істейді, дамиды.