Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдар құрамында жоқ тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмелері;
2) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
3) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
4) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);
5) техникалық шарттардың көшірмесі;
6) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) – заңды тұлғалар ғана ұсынады.
Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдардың құрамында болатын тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін басқару органыныңмен тұтынушы арасында жасалған, кондоминиум құрамындағы тұтынушылар үшін электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі, электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін тұтынбайтын электрмен жабдықтауға шарт жасасатын тұтынушылар ғана ұсынады;
2) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттан жеке басын сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) мәліметтері (жеке тұлғалар үшін);
3) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (сатып алу-сату шарты / жалдау шарты / қабылдау-тапсыру актісі / цессия шарты, құрылыстың басталғаны туралы хабарлама, жер учаскесіне акт (салынып жатқан объектілер үшін) және т. б. (өтінішке қосымшаның көшірмесі, салыстыру үшін түпнұсқасы);
4) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);
5) техникалық шарттардың көшірмесі;
6) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №), заңды тұлғалар ғана ұсынады.
Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш
- (Приложение №1, Приложение №2).
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш
- (Приложение №1, Приложение №2).
Тұрмыстық емес мұқтаждар үшін электрмен жабдықтау шарттарын жасау үшін заңды тұлғалар қатарындағы тұтынушыларға келесі мекенжайларға жүгінуге болады:
№ 2 сервис орталығы
Домалақ ана көшесі 9, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.
№ 4 сервис орталығы
Иманов көшесі 11, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі күні сағат 09.00 бастап сағат 13.00 дейін.
№ 5 сервис орталығы
Сауран көшесі 7 Б, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі күні сағат 09.00 бастап сағат 13.00 дейін.