Беликов Дмитрий Николаевич

Беликов Дмитрий Николаевич

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары  

 

2023 жылғы 24 қарашада «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды.
 

1977 жылы 21 ақпанда Целиноград қаласында туған.
 

Білімі:
2003 ж - С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті. Мамандығы: Ауыл шаруашылығын энергиямен жабдықтау және электрлендіру


"Астана-АЭК" АҚ-ғы функциялары: өндірістің технологиялық процесін қамтамасыз ету; электр желілері объектілерін жаңғырту; реконструкциялау; күзгі-қысқы кезеңді дайындау және өткізу; су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік етеді.


Еңбек өтілі:
2022-2023 ж.ж. - «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ бас инженері
2021-2022 ж.ж. - «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ бас инженердің орынбасары
2011-2021 ж.ж. - «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Кабельді желілер қызметінің бастығы
2008-2011 ж.ж. - «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Кабельді желілер қызметі бастығының орынбасары
2006-2008 ж.ж. - «Қалалық электр желілері» АҚ Кабельді электр беру желілер қызметінің аға шебері
2005-2006 ж.ж. - «Қалалық электр желілері» АҚ Кабельді электр беру желілер қызметінің шебері
2003-2005 ж.ж. - «Қалалық электр желілері» ЖАҚ Электр беру желілер қызметінің шебері
1999-2003 ж.ж. - «Қалалық электр желілері» ЖШС электр беру желілері қызметінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі 3-дәрежелі электрмонтері
1997-1999 ж.ж. -  «Металлоптторг» ЖШС слесарь-электршісі
1997 ж. - «ОЖДХ» АҚ бу қазандығының машинисі
1996-1997 ж.ж. - «Катюша» кооперативінің жабдықтаушысы
1994 ж. - «Катюша» кооперативінің слесарі

 

Марапаттары:

2011 жылы «Қазақстан Электр Энергетикалық Кауымдастығының құрмет грамотасы»,
2019 жылы «ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Құрмет грамотасы»,
2020 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі,
2020 жылы «ГОЭЛРО жоспарының 100 жылдығы» медалі,
2020 жылы «ТМД еңбек сіңірген энергетигі».