Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты
Электрмен жабдықтау шартын жасауға арналған құжаттар тізімі:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы №356 бұйрығымен бекітілген Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес
Көппәтерлі тұрғын үй қорының тұтынушысына тұрмыстық тұтынушыны электрмен жабдықтау шартын жасау үшін мынадай құжаттар қажет:
- Тұрмыстық тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш
- Жеке басын куәландыратын құжаттан ЖСН;
- Пәтерге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу - сату, сыйға тарту, жекешелендіру шарты және басқалар) (көшірмесі).
- Осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты, қызметтік пәтер бөлу туралы шешім/бұйрық және басқалар) (көшірмесі);
- Техникалық паспорт (көшірмесі);
- Егер тұтынушы тұрғын үй-жайдың меншік иесі болып табылмаса, сенім білдірілген адамның сенімхатының көшірмесі (көшірмесі) қажет;
- Мемлекеттік деректер базасынан тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер.
Көппәтерлі тұрғын үй қорының тұрмыстық тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау шартын жасауға арналған құжаттар тізбесі
Жеке тұрғын үйдің тұтынушысына тұрмыстық тұтынушыны электрмен жабдықтау шартын жасау үшін мынадай құжаттар қажет:
- Тұрмыстық тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш
- Жеке басын куәландыратын құжаттан ЖСН;
- Жеке тұрғын үйге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу - сату, сыйға тарту, жекешелендіру шарты және басқалар) (көшірмесі).
- Осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты, қызметтік пәтер бөлу туралы шешім/бұйрық және басқалар) (көшірмесі);
- Электр желілеріне жалғануға техникалық шарттар (көшірмесі).
Ескерту:
1. Объектіні электрмен жабдықтауда техникалық өзгерістер болмаған жағдайда меншік иесі ауысқан кезде қайта ресімдеу талап етілмейді. Бұл ретте алдыңғы жылжымайтын мүлік иесіне берілген техникалық шарттардың көшірмесі ұсынылады.
2. Жаңадан енгізілетін объектілер үшін (шарттық қуатты арттыру, электрмен жабдықтау схемасын өзгерту, электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша желі пайдаланушыларының санатын өзгерту) техникалық шарттарды ресімдеу талап етіледі.
- Энергия беруші ұйым мен тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі (көшірмесі);
- Жылжымайтын мүлік иесінің атынан сенім білдірілген тұлға шарт жасасуға жүгінген жағдайда, сенім білдірілген тұлға сенімхаттың көшірмесін ұсыну қажет.
Жеке тұрғын үйдің тұрмыстық тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау шартын жасауға арналған құжаттар тізбесі
Тұтынушыларға мәлімет үшін:
Тұрмыстық тұтыну үшін электрмен жабдықтау шарттарын жасау үшін көппәтерлі үйлерде тұратын жеке тұлғалар қатарындағы тұтынушыларға «QalaQyzmet.kz» қалалық қызметтер порталы арқылы жүгінуге болады.
№ 2 сервис орталығы
Домалақ ана көшесі 9, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.
№ 4 сервис орталығы
Иманов көшесі 11, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі күні сағат 09.00 бастап сағат 13.00 дейін.
№ 5 сервис орталығы
Сауран көшесі 7 Б, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі күні сағат 09.00 бастап сағат 13.00 дейін.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес электр энергиясы нарықтағы тауар болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 25-тарауының §5 сәйкес электрмен жабдықтау шарты сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылады
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 482-бабы 2-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 387-бабының 4-тармағына сәйкес заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі жария шарттарды жасау және орындау кезінде тараптар үшін міндетті ережелер (үлгі шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкін.
Тұтынушының электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініші негізінде «Астана-АЭК» АҚ сайтында жарияланған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен бекітілген Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартының редакциясында электрмен жабдықтау шарты жасалатын болады.