Байқоңыр аудандық электр желісі

Байқоңыр аудандық электр желісі (БАЭЖ) 2018 жылғы 1 мамырда құрылған «Астана-АЭК» АҚ-ның өндірістік бөлімшесі болып табылады. 

Байқоңыр АЭЖ қызметінің мәнісі электр желілерді, атап айтқанда 10/0,4 кВ әуе желілері, трансформаторлы шағын станциялар және 10/0,4 кВ үлестіру пункттерін пайдалану, сондай 0,4 кВ желісінде сүйеу шкафтарын пайдалану болып табылады. Байқоңыр АЭЖ қызмет көрсету аумағы Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданының аумағын қамтиды.

БАЭЖ жұмыскерлер саны 30-адам: бастық, бастықтың орынбасары, 3-инженер, 4-шебер, 15-электрмонтер және 5-жүргізуші. Аудан 4-шеберлік учаскені қамтиды, оның ішінде 2-шеберлік учаскесі (ҮП, ТШС, КТШС-10/0,4кВ) және 2-шеберлік учаскесі (ӘЖ-10/0,4кВ).  

Байқоңыр АЭЖ Керейбаев Әділбек Жаңабекұлы басқарады.

«Астана-АЭК» АҚ еңбек жолын 2004 жылы 110/10кВ ШСҚ қызметінің 110/10кВ бойынша ЖКБ электрмонтері лауазымымен бастаған. Одан кейін ЖКҚ инженері, ЖКҚ жетекші инженері, ЕАЭЖ бастығының орынбасары лауазымында қызмет етті. 

Бастықтың орынбасары Төлегенов Медет Шерімұлы «Астана-АЭК» АҚ-ғы еңбек жолын 2012 жылы бастады, ААЭЖ үлестіру желілерінің электрмонтері, ААЭЖ инженері лауазымдарында еңбек етті. 

Ардагер ӘЖ-10/0,4кВ үлестіру желілерінің электрмонтері- Байтенов Серікбай Аманжолұлы «Астана-АЭК» АҚ-да 1997 жылдан бері еңбек етеді.  Еңбек еткен уақытта білгір және шешім қабылдауда батыл маман ретінде танылды. Білікті энергетикбүгінде жас электрмонтерлерді тәрбиелеуге белсенді атсалысады.   

ААЭЖ электрмонтері Баймұратов Өскен Аманұлының ұлы  БАЭЖ электрмонтеріӨскенМанбетәліӨскенұлыэнергетиктердің әулетін жалғастыруда.  

ЭлектрмонтерлерД.Ыбаш,Б.Матин,Д.Жандәулет, Р.Жаканов,М.Өскен,А.Әубәкіров,Е.Сарсенов,А.Саликовтер АЭЖ перспективалы қызметкерлері. Еңбек еткен уақыт ішінде өздерін жақсы жағынан: тәртіпті, еңбекқор екендігін көрсетті.  Білімдерін жетілдіріп, лауазымдық міндеттерін ойдағыдай орындайды. 

М.Тулегенов,А.Мурат,Е.Сарсенов,Д.Ыбаш «Астана-АЭК» АҚ-ның спорттық іс-шаралары мен қоғамдық өміріне белсене қатысады.