Әйелдер мерекесі қарсаңында Наталия Степановна туғанкүнінатапөтеді. Биыл ол мерейлі 60 жасқа толады. Оның 32 жылын «Астана-АЭК» АҚ шағын станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер, электр жабдықтары жұмысының технологиялық процестерінің сақталуын бақылауға арнады. Қажет болған жағдайларда шағын станция жабдықтарының сенімді және авариясыз жұмыс істеуін және Нұр-Сұлтан қаласын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, олардың бұзылу себептерін жедел жояды.
«Басында ескі жабдықтармен жұмыс істедік. Шағын станциялар ашық түрде болды, қанша жарылыс болды, біздің басымыздан не өтпеді десеңші. Ал қазір жабдықтар өзгерді, бәрі жаңа, құлшына жұмыс істейміз. Жылу, жарық, бәрі бөлмеде. Бұрын далаға шығу керек еді. Сымдарды қар басып, оларды алу қиын болатын. Күрекпен жүріп, жабдыққа дейін оны ағыту үшін қар күрейтінбіз, содан кейін ажыратқыштарды ағыту үшін қазатынбыз. Бұл оңай емес еді. Ал қазір компьютерге отырып, бәрін жасай беруге болады», - деп әңгімелейді Наталия Бабаева.
Наталия Степановна еңбек жолында жеті шағын станцияда еңбек етті, үлкен тәжірибесі бар. Қазір, ол жас электрмонтерлерді тәрбиелеуге белсене атсалысып, жаңадан бастаған маманға кез келген жұмысты қалай дұрыс және қауіпсіз орындауға кеңес бере алады.