Алматы аудандық электр желілері

Алматы аудандық электр желілері (ААЭЖ) 2011 жылы құрылған «Астана-АЭК» АҚ өндірістік бөлімшесі болып табылады. 

Алматы АЭЖ қызметінің мәнісі электр желілерді, атап айтқанда 10/0,4 кВ әуе желілері, трансформаторлы шағын станциялар және 10/0,4 кВ үлестіру пункттерін пайдалану, сондай 0,4 кВ желісінде сүйеу шкафтарын пайдалану болып табылады. ААЭЖ қызмет көрсету аумағы Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының аумағын қамтиды.  

ААЭЖ қызметкерлер саны 47-адам және 6-шеберлік учаскені қамтиды, оның ішінде 4-шеберлік учаскесі (ҮП, ТШС, КТШС-10/0,4кВ) және 2-шеберлік учаскесі (ӘЖ-10/0,4кВ).  

Алматы АЭЖ 2018 жылдан бері Ибраев Дархан Амантайұлы басқарады. 08.08.2011ж. бастап 24.05.2017ж. аралығында А.И.Халиков және 25.05.2017ж. бастап 28.04.2018ж. аралығында Е.М.Сейтжанов басқарған.  

ААЭЖ 20 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан ардагерлер - үлестіру желілерін пайдалану жөніндегі электрмонтер Қадырбаев Бақтыбек Тілеулесұлы және бірінші санатты инженер Байтанатов Әдебиет Садықұлы осы уақыт ішінде білгір және шешім қабылдауда батыл мамандар ретінде танылды. Білікті энергетиктер бүгінде жас электрмонтерлерді тәрбиелеуге белсенді атсалысады.   

ААЭЖ болашағы зор жас қызметкерлері: бастықтың орынбасары    Тоқтамысов Жасұлан Хакімұлы, инженерлер Тілеулесов Азамат Бақтыбекұлы, Жақыпов Ардақ Серікұлы, шеберлер Чиликбаев Азамат Оралханұлы, Рахметов Жәнібек Кайырланұлы және электрмонтерлер Малғаждаров Арман Аяпбергенұлы, Аманжолов Әлихан Ғалелұлының   шеберлігі, білімі мен мол тәжірибесі компанияның қарқынды дамуына зор ықпал етуде.