Ұжыммен диалог: «Астана-АЭК» АҚ басшылығы мен кәсіподағы 2024 жылдың қорытындысын шығарады.

07 февраля 2025

Ұжыммен диалог: «Астана-АЭК» АҚ басшылығы мен кәсіподағы 2024 жылдың қорытындысын шығарады.

«Астана-АЭК» АҚ басшылығы кәсіподақ төрағасымен бірлесіп 2025 жылғы 29 қаңтардан бастап еңбек ұжымымен дәстүрлі кездесулер өткізуде.

Бүгінгі таңда 1000-нан астам қызметкерді қамтыған 7 көшпелі кездесу өтті. Кездесулер 18 ақпанға дейін жалғасады.

Кездесу барысында қызметкерлерге компанияның 2024 жылғы қаржылық-экономикалық қызметінің қорытындылары ұсынылды. Басшылық өткен жылы жалақы екі рет индекстелгенін атап өтті.

Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымының 2024 жылғы қызметі туралы есеп ұсынылды. Жыл сайын кәсіподақ еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлерге әлеуметтік қолдауды кеңейту және ұжым мүддесі үшін маңызды бастамаларды іске асыруды жалғастыруда.

Қызметкерлер өткен жылғы кездесулер барысында көтерілген сұрақтарға жауап алды.

Соңында ашық диалог өтті, онда қызметкерлер басшылық пен кәсіподаққа өзекті сауалдар қойып, оларды қызықтыратын тақырыптар бойынша түсініктемелер алды.