Құрметті электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар!
«Астана-Аймақтық Электржелелік Компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі №121-VII заңымен «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттелетін қызметтер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жасалған өзгерістерге сәйкес «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау қызметін тоқтатқанын хабарлайды.
Бүгінгі таңда 2024 жылғы 13 желтоқсанда берілген лицензия негізінде электрмен жабдықтаумен жалпы қала бойынша «Астана-АЭК» АҚ айналысады.
Осыған байланысты сіздерге электронды шот-фактуралардың көшірмелері
мен электр энергиясының тұтыну тізімдемесі жіберілетін болады.
Қосымша хабарлаймыз, егер сіздің реквизиттеріңіз (телефон нөмірі және электронды пошта) өзгерген болса, қоғамды жазбаша түрде хабарлауды сұраймыз!
Электрондық шот-фактура мен электр энергиясын тұтыну тізімдемелері ай сайынғы негізінде жіберіледі!