Сәлеметсіздер ме, құрметті Астана қаласының тұрғындары!Бүгін біз сіздерге astrec.kz сайты арқылы техникалық шарттарды беру және бекітуге өтінім беру нұсқауларын көрсеткіміз келеді. Сайт арқылы өтініш беру үшін сізде нысан иесінің электрондық цифрлық қолтаңба кілті және құжаттар тізімінде көрсетілген сканерленген қосымшалар болуы керек.
Келесі өтініштерді қараудың соңғы мерзімі:
1) Электр желілеріне қосудың техникалық шарттары: қарапайым объектілер үшін – 5 жұмыс күні, техникалық күрделілері үшін – 10 жұмыс күні.
2) Техникалық шарттарды бекітуге өтінім – 15 күнтізбелік күн.
Өтінішіңіздің нәтижесін (техникалық шарттар немесе жазбаша жауап) жеке кабинетте қарап, өтінім берген платформадан жүктеп ала аласыздар. Барлық сұрақтар бойынша Нұра ауданы, Домалақ ана көшесі, 9 ғимарат, 103 кабинетке келсеңіздер болады.
Толық инструкция: https://www.instagram.com/p/DAX7PDxOlu3/