«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» акционерлік қоғамы өзінің негізгі міндеттерімен қоса қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне де басты назар аударып келеді. Осы орайда
компания Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив істері басқармасы ұйымдастыратын барлық іс-шараларға белсенді қатысады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша компанияның «Шамшырақ» командасы бірнеше рет елорданың мемлекеттік органдары мен мекемелері арасындағы мемлекеттік тілдегі зияткерлік ойындардың жеңімпазы атанды және жоғары лигада жоғары балл жинаған үздік командалардың қатарына енді.
Тілдер мерекесіне орай қазақтың ағартушысы, ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналған қызықты іс-шара өтті.
Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасау мақсатында жыл сайын Астана қаласының тілдерді дамыту және архив істері басқармасы «Руханият» оқу орталығымен бірлесіп мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізеді.
Оқу жылының қорытындысы бойынша компанияның бірқатар қызметкерлеріне Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив істері басқармасы басшысының алғыс хаттары, арнайы сертификаттар табыс етілді.
Белгілі қоғам қайраткері, компанияның омбудсмені Бақытбек Смағұл әріптестеріне мемлекеттік тілдің шоғырландырушы рөлінің маңыздылығы туралы, біздің елде тұратын әртүрлі ұлттар арасындағы өзара түсіністік туралы тілек сөзін білдірді.
Қатысушылар Астана қаласының әкімдігіне, Астана қаласының тілдерді дамыту және архив істері басқармасына мемлекеттік тілді меңгеру үшін осындай қолайлы жағдайлар жасағаны үшін үлкен алғыстарын білдірді. Курс тыңдаушылары оқуды жалғастыруға дайын.
Осыған байланысты компания осы бағыттағы жұмысты келесі жылдың басында жалғастыруды жоспарлап отыр.