Астана қаласының энергетика басқармасы мен оған қарасты энергетикалық кәсіпорындар Энергетика күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

19 декабря 2024

Астана қаласының энергетика басқармасы мен оған қарасты энергетикалық кәсіпорындар Энергетика күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Шара аясында саланың үздік өкілдері марапатталды. Қаланың энергетика саласын дамытуға және энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысына үлес қосқан үздік энергетиктер ерекше құрметке ие болды.

Мерекелік бағдарлама концерттік қойылымдармен жалғасты. Жергілікті өнер ұжымдары мен әртістер өз өнерлерін көрсетіп, шараның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Энергетика басқармасы барлық сала қызметкерлеріне еңбектері мен кәсібиліктері үшін шынайы алғысын білдіреді.