Басқарма басшысының төрағалығымен Астанада 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің (КҚҚ) өтуі жөніндегі штабтың отырысы болды.

25 октября 2024

Басқарма басшысының төрағалығымен Астанада 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің (КҚҚ) өтуі жөніндегі штабтың отырысы болды. Жиынға энергия өндіруші және энергия тасымалдаушы ұйымдардың, сондай-ақ аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Отырыста инфрақұрылымның дайындығы, ұйымдар мен әкімдіктер арасындағы іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ осы күзгі-қысқы кезеңде энергиямен тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қатысушылар төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын, сондай-ақ өзара іс-қимылды жақсарту және мүмкін күтпеген жағдайларға жедел ден қою міндеттерін талқыланды.