1 қазанда «Астана-АЭК» АҚ-да ерекше жылылық пен құрмет атмосферасы орнады. Кәсіподақ қалыптастырған көпжылдық дәстүр аясында компания өзінің Энергетика ардагерлерімен кездесіп, Халықаралық қарттар күнін атап өтті. Бүгінгі таңда Қоғам 158 зейнеткерді мақтан тұтады. Іс-шара естеліктер мен шынайы тілектерге толы қуанышты атмосферада өтті. Құрметті ардагерлерімізді құттықтаймыз және оларға зор денсаулық және ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз!