Козлов Константин Ивановичті 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Константин Иванович 2008 жылдан 2019 жылға дейін өндірістік-техникалық қызметті басқарды, содан кейін тағы 2 жыл жобаларды келісу бөлімін басқарды. "Астана-АЭК" АҚ-да жұмыс істеген жылдары ол елорданың электржелілік объектілерін салуға және реконструкциялауға зор үлес қосты. Оның кәсіби біліктілігі мен мақсаттылығы оны Астананың энергожүйесінің жетекші мамандарының біріне айналдырды.
Ол келіскен жобаларға жетекші шетелдік компаниялардың жаңа әлемдік технологиялары мен жабдықтары енгізілді. Константин Иванович "ҚЭА Құрметті энергетигі" атағымен, "Еңбек ардагері" және "ГОЭЛРО Жоспарына 100 жыл" медальдарымен, сондай-ақ ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және барлық жақсылықтар тілейміз!