Астана қаласының энергетика басқармасы" ММ 110 кВ электр беру желісі бар 110/20 кВ "Қазбек" жабық шағын станциясын салу жобасын іске асырады.

22 сентября 2024

"Астана қаласының энергетика басқармасы" ММ 110 кВ электр беру желісі бар 110/20 кВ "Қазбек" жабық шағын станциясын салу жобасын іске асырады. Жобаның мақсаты: Астана қаласының "Железнодорожный" тұрғын алабында және оған іргелес аумақтарда энергия тұтыну объектілерін (салынған, салынып жатқан және перспективалы) қажетті электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта шағын станция ғимаратын салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.