«Астана-АЭК» АҚ-да ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті. Сапарға «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ де қатысты.
Депутаттар компанияның жұмысы және елорданың электр желілерінің жұмысы туралы толық ақпарат алды. 220-110 кВ жоғары вольтты желілер және 20-10-0,4 кВ тарату желілері басқарылатын диспетчерлік пунктке (ОДҚ және ЖДҚ) барып, инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы, Қоғамның ағымдағы нәтижелері мен даму жоспарларымен танысты. Энергетика басқармасы алдағы және ағымдағы жобалар, сондай-ақ энергетика саласын дамыту туралы толық ақпарат берді.