МИБ төрағасы мен тұрғындар өрттің алдын алған бақылаушыға қырағылығы үшін алғыс білдірді.
«Астана-АЭК» АҚ бақылаушысы Кемел Жаңабеков Есіл ауданының тұрғын үй кешендерінің бірінде электр аспаптарын тексеру кезінде қырағылық танытты.
Өрттің иісін сезген ол бұл туралы МИБ төрағасына жедел хабарлап, қабаттағы қалқаннан пәтердегі электр қуатын бірден өшіреді.
Кейінірек тұрғынның плитаға кастрюльге тамақ қойып, кетіп қалғаны анықталды. Кемелдің жылдам әрекеттерінің арқасында ықтимал өртті болдырмау мүмкін болды