«Астана – Аймақтық Электржелілік Компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге байланысты талдау нәтижелерін жоспарланып отырған жария талқылаулар туралы хабарлаймыз. Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Нормативтік құқықтық актілерде («Астана-АЭК» АҚ алдыңғы 12 айда қабылдаған) және Қоғам қызметіне қатысты ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
4) Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
5) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
6) Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғаларды 2024 жылы 10 маусымда сағат 15:00-де Астана қаласы, Домалақ ана көшесі 9, 213 кабинет мекенжайы бойынша осы талқылауға қатысуды сұраймыз, байланыс телефоны: 8-701-732-89-54.