Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында қайта құру жүргізіліп жатқан жылу магистральдарын (ТМ-2, ТМ-3, ТМ - 23) тексеру жүргізілді. Бұл жылу трассалары елорданың оң жағалауын жылумен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ салынып жатқан электрмен жабдықтау объектілерін тексеру жүргізілді («Арай» шағын станциясы, ҮП-5, ҮП-11/2). Осы объектілерді іске асыру электрмен жабдықтаудағы сенімділікті, сондай-ақ жаңа құрылыс аудандарының объектілерін қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өткен жылғы блэкауттан кейін мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін Астана 2-ЖЭО-да 110 кВт АҮҚ жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде.