Астана қаласы әкімдігінің «Энергетика басқармасы» ММ, «Amanat» партиясы мен «Астана-АЭК» АҚ Жеңіс күні қарсаңында 15 тыл еңбеккерін мерекемен шын жүректен құттықтады. Тыл еңбеккерлерінің жауды жеңудегі рөлі жоғары.
Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
Жеңіс үшін Сіздерге мың алғыс! Ұлы Отан соғысының барлық қатысушыларын Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңыздың деніңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!