Өңіраралық «Тазалық эстафетасы» шеңберінде «Астана АЭК» АҚ-да тазарту және жаңарту күні.
Бүгін энергетиктер «Тазару» жалпыұлттық акциясына қатысты.
Компания қызметкерлері күректермен, тырмалармен және сөмкелермен қаруланып, қала көшелерін тазалауға және абаттандыруға шықты.
Қаланың барлық аудандарындағы 20 шағын станцияның, трансформаторлық және тарату пункттерінің аумақтарында қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Домалақ ана көшесі, 9-да қоқысты жинау және шығару жүргізілді.
Барлығы 200 адам қатысты. 10 бірлік техника жұмылдырылды.