«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі - Департамент) электр энергетика саласындағы нормативкік құқықтық актілері бұзылуы туралы «Астана-АЭК» АҚ өтініші негізінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300-бабы бойынша «Экотонстройинвест» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған орай, Департамент электр қондырғыларын пайдалану барысында электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының және тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану және Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарын орындауын қажеттілігі туралы назарға салады.