Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 35 жыл толды.
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі тұтып, оларға тағзым ету болашақ ұрпақтың еншісіндегі игілікті іс екені баршаға аян.
«Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасы Абжанов Руслан Төлегенұлы жұмыскер-ауған ардагерлерін мерекелерімен шын жүректен құттықтады!
Компанияның омбудсмені, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл өзінің отты, рухты өлеңдерін оқыды.
Әріптес-ауған ардагерлер батылдығы мен ерлігі үшін мереке күні Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде алғыс хатымен марапатталды. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің қай-қайсысы да азаматтық борыштарына адалдық танытып, қайсарлық пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Біз сіздермен мақтанамыз!