25 желтоқсанда «Астана-АЭК» АҚ кәсіподағымен бірлесіп, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда

25 декабря 2023

25 желтоқсанда «Астана-АЭК» АҚ кәсіподағымен бірлесіп, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда 4 жастан 12 жасқа дейінгі 682 балаға арналып «Barbie-мен жаңа жылдық шытырман оқиғалар» атты сиқырлы жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылды. 
 
Шоу «ММ өнер білім орталығының»   бишілері мен актерлерінің қатысуымен, жарқын декорациямен, қойылымның бай реквизиттерімен жарақтандырылды.

Спектакльдің басынан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне тартты.  Ертеңгілік  балаларға керемет сезім сыйлады.