Әкімшілік істі қарау барысында «ГрадСтройСервис» ЖШС 2023 жылдың 11 тамызда электр желілерінің иелерімен келісімсіз Ал-Фараби 55 даңғылында жер жұмыстарын жүргізгені және электр желілерінің иесімен келісімсіз күзет аймағында қоршау орнатқаны анықталды, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 бұйрығы Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағиларының 242 тармағын және 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 Электр желілері объктілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларының және осындай аймақтрдың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекще шарттарынның 20 тармағын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, «ГрадСтройСервис» ЖШС-не қатысты Кодекстің 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Электр желілерінің жауапты ұйымның келісімінсіз учаскелерді, электр желілерінің күзет аймақтарын орналастыруға байланысты жер жұмыстары. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды.
Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.