2023 жылғы 23-24 қараша аралығында Астана қаласында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.

24 ноября 2023

2023 жылғы 23-24 қараша аралығында Астана қаласында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.
Бұл іс - шараның мақсаты – қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындықты арттыру болмақ.
Оқу-жаттығу аясында құрамында «Астана-АЭК» АҚ электр желілері бойынша бөлім кіретін Астана қаласының шұғыл ден қою жасағының дайындығын байқау жүзеге асырылды. Сонымен қатар, біздің Есіл АЭЖ жұмыскерлері «Үркер» коттедж қалашығын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жоғары вольтты электр беру желісін салу мысалында жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті көрсетті.